Жақында Қытайдың бір профессоры Украинадағы соғысқа қатысты қызықты мақала жариялады. Оның мақаласын әлемнің түпкір-түпкірінде талқылай бастады. Себебі профессор бұл соғыста Ресейдің жеңіске жететіні екіталай екенін бірнеше факторға негіздеп, ғылыми-зерттеу тұрғысынан келтірген. Қытай жұрты құр сөзден гөрі терең пәлсапаға және мұқият есепке жақын екені рас. Әрі бұл мақала – оқымысты адамның сөзі. Сондықтан оның Ресей жеңіске жетуі неғайбыл деуі негізсіз емес деп жатқандар көп. Кім білсін, ауқымды зерттеу қорытындысына сүйеніп айтқан болар. Оған қоса, Қытай билігі өзінің ғалымдарына кеңдікпен қарап қана қоймай, әрбір ғылыми пікірге үлкен сеніммен әрі үмітпен қарайтын ел екені тағы бар. Осы жағынан қарағанда Қытай билігінің Украинадағы соғысқа қатысты ұстанымы әлгі профессордың мақаласымен үндес болып шығуы да әбден мүмкін.
«Шыны керек», авторы Нағашыбек Алдан.
Telegram Qaz — t.me/atamekenbusiness_qaz
Telegram Rus — t.me/atamekenbusiness
Telegram Sport — t.me/atamekenbusiness_sport
Telegram Auto — t.me/atamekenbusiness_auto
Telegram Silk Way — t.me/atamekenbusiness_silkway
Instagram — https://instagram.com/atameken.business/
Instagram — https://www.instagram.com/inbusinesskz/
Facebook — https://www.facebook.com/atamekentv.kz
Facebook — https://www.facebook.com/inbusiness.kz
Tik-Tok — https://www.tiktok.com/@atamekenbusiness
«Atameken Business» online: https://inbusiness.kz/ru/tv
Cайт — https://inbusiness.kz
Atameken Business Programs — https://www.youtube.com/channel/UCQpzmeBWqEYS8O2XaUzRytA
#AtamekenBusiness #Inbusinesskz #НовостиКазахстана