Иран президенті қаза болды



Иран президенті Ибрагим Раиси қайтыс болды. IRIB телеарнасында осы елдің Қызыл жарты ай қоғамның басшысы Пир Хоссейн Коливанд ресми мәлімдеме жасады. Апатқа ұшыраған тікұшақ жанып кеткен. Жолаушылардың ешқайсы тірі қалмады. Бортта Иран президенті Ибрагим Раиси, Сыртқы істер министрі Хосейн Амир Абдоллахиян, Шығыс Әзербайжан губернаторы Малек Рахмати және Тебриз қаласының имамы Мохаммад Али Але Хашем болған. Естеріңізге салайын, кеше Иран президенті Ибрагим Раиси мінген тікұшақ жоғалып кетті. Олар Әзербайжаннан қайтып келе жатқанда қалың тұман салдарынан таулы жерде апатқа ұшыраған. Ауа райы қолайсыз болғандықтан, іздеу жұмыстары ұзаққа созылды. Қар аралас жаңбыр соңы лай көшкініне ұласқан. Кеше Раиси Иран-Әзербайжан шекарасында Ильхам Әлиевпен бірге өзендегі бөгеттің ашылу салтанатына қатысқан еді. Шараға барған делегация мүшелері 3 тікұшақпен елдеріне қайтқан. Оның екеуі аман-есен жерге қонды.

Telegram Qaz — t.me/atamekenbusiness_qaz
Telegram Rus — t.me/atamekenbusiness
Telegram Sport — t.me/atamekenbusiness_sport
Telegram Auto — t.me/atamekenbusiness_auto
Telegram Silk Way — t.me/atamekenbusiness_silkway
Instagram — https://instagram.com/atameken.business/
Instagram — https://www.instagram.com/inbusinesskz/
Facebook — https://www.facebook.com/atamekentv.kz
Facebook — https://www.facebook.com/inbusiness.kz
Tik-Tok — https://www.tiktok.com/@atamekenbusiness

«Atameken Business» online: https://inbusiness.kz/ru/tv
Cайт — https://inbusiness.kz

Atameken Business Programs — https://www.youtube.com/channel/UCQpzmeBWqEYS8O2XaUzRytA

#AtamekenBusiness #Inbusinesskz #қазақстанжаңалықтары

vmirenovostey.ru